Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.https://t.co/w3t2SiOMXa pic.twitter.com/dSZ4NEpRQi
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) September 1, 2022
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
2022 жылғы
Қазақстан мен Ресей президенттері екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырып келе жатқан үкіметтердің тиімді өзара іс-әрекетін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ қазан айының ортасында Қазақстан астанасында өтетін «Орталық Азия – Ресей» мемлекеттер басшыларының отырысына қатысуға келіскеніне ризашылығын білдірді.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа бүгінгі Жолдауында атап өткен ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда табыс тіледі.
Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-resey-prezidenti-vladimir-putinmen-telefon-arkyly-soylesti-185811